Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлады.
Ұлан Наукен - Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің магистранты, «Қазақстан студенттерінің Альянсы» РСҚ төрағасы.
Студенттік омбудсмен - студенттердің құқықтары мен мүдделерін әрқашан қорғайтын институт. Студенттік омбудсмен институты 2022 жылы құрылып, 2023 жылдың тамыз айынан барлық өңірде жұмыс атқаруда.
Осыған дейін республикалық студенттік омбудсмен қызметін Айсұлу Ерниязова атқарды.