Русский Сайттың толық нұсқасы

Шенеуніктердің құмар ойын ойнауына тыйым салынады: Сенат заң жобасын мақұлдады

  • AstanaTV
  • 27 маусым 2024
  • 311

Бүгін Сенат депутаттары елдегі ойынға тәуелділікпен күрес, лотерея қызметіне қатысты заңды мақұлдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Туризм және спорт министрінің орынбасары Мирас Төлебаевтың айтуынша, бұл шектеу мемлекеттік қызметшілерге, әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне және бюджеттік ұйымдардың басшыларына да қатысты.

“Бірыңғай есепке алу жүйесі негізінде шетелдік ойын бизнесін ұйымдастырушылардың тізімі енгізіледі. Ол бойынша борышкерлердің бірыңғай тізімінде тұрған азаматтар, жасы 21-ге толмағандар, мемлекеттік қызметшілерге, әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне және бюджеттік ұйымдардың басшыларына  құмар ойын ойнауға, бәс тігуге тыйым салуды қарастырады”, — деді вице-министр.

Вице-министрдің сөзінше, аталмыш азаматтар биометрикалық деректері, логин және тағы да басқа деректемелері есепке алу жүйесінде болады. Олар ойын сайттарына кіре алмайтын болады.

Осы жылы 10 мыңнан аса қазақстандық өзін онлайн режимде бәс тігу ойындарын ойнауға тыйым салған болатын. Сонымен қатар биыл мәжіліс депутаттары букмекерлік кеңселер мен онлайн-казиноларды жарнамалауға тыйым салу туралы заңды мақұлдады.