Русский Сайттың толық нұсқасы

Елімізде көліктің алдыңғы терезелерін қараңғылауға рұқсат берілуі мүмкін

Елімізде көліктің алдыңғы терезелерін қараңғылауға рұқсат берілуі мүмкін. Бұл туралы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев айтты. Қараңғылау туралы мәселе бұған дейін талай айтылды. Қазір жауапты министрлік мәселені зерттеуге кіріскен. 

Марат Қожаев, ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Кеден одағында көліктің әйнектері қаншалықты деңгейде қараңғы болу керек екендігі жазылған регламенттері бар. Бұл жол қозғалысы бұзылған кезде жүргізушілерді, жолаушыларды анықтаудың белгілі бір қиындықтарымен байланысты болды. Қазір енді құқық бұзушылықтарды тіркеудің жаңа техникалық құралдары пайда болды. Сондықтан да осы мәселені қайтадан қарауға алып жатырмыз.