Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбеліктер 369 миллион теңге көлемінде автокөлік салығын төлемеген

Ақтөбеде З жарым мыңнан астам тұрғын автокөлік салығын төлемеген. Олардың мемлекетке берешегі бүгінде 369 миллион теңгеден астып жығылады. Кіріс басқармасы мамандары, сот орындаушылар мен полиция рейд ұйымдастырды. Негізінде барлық автокөлік иелері үстіміздегі жылдың 1-сәуіріне дейін мүлік салығын төлеуі тиіс болған. Бірақ оны төлеуге асықпайтындар көп. Түрлі сылтау айтатын көрінеді. Рейд басталғалы үш көлік айып тұрағына қойылды. 

Ерік САҒЫНДЫҚОВ, ҚАЛАЛЫҚ КІРІСТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ:

Себеп әртүрлі әркімде. Қарыздары бар. Неше түрлі сылтаулар айтылады. Айлық түспей жатыр дейді. Халық просто 2023 жылы сатылып кеткен көліктің салығы 2024 жылы наурыздан бастап шығатынынан дұрыс хабары жоқ.

Борышкерлердің арасында қымбат көлік мініп, 1 миллион теңгеге жуық салығын төлемегендер де бар. Жыл басынан бері сот орындаушылар өңдірісінде 8 мыңнан астам атқару құжаты болса, соның басым көпшілігі міндетті төлемді орындамаушылар. Бүгінде олардан 182 миллион теңге өндірілді. 

 

Гүлзира СЕРМАҒАМБЕТОВА, ОБЛЫСТЫҚ ЖЕКЕ СОТ ОРЫНДАУШЫЛАР ПАЛАТАСЫНЫҢ ЖЕКЕ СОТ ОРЫНДАУШЫСЫ:

Борышкерлердің мүліктеріне біріншіден екінші банктегі есеп шоттарына тыйым салынады. Жеке иеліктеріндегі жылжымайтын мүлкі бар ма, жылжитын жылжымайтын мүліктері тексеріле отырып, арест салынып, тыйым салынып, төлемеген жағдайды торгке шығарылып отырады.