Русский Сайттың толық нұсқасы

Елде 14 мыңға жуық шетел азаматы жұмыс істейді

Елде 14 мыңға жуық шетел азаматы жұмыс істейді. Бұл - ресми тіркелгені. Бейресми жүргендер қаншама. Өзге мемлекеттен келген азаматтар неге тіркеуден қашады? Тілшіміз Дәрібек Бахытбек тәртіп сақшыларымен бірге рейдке шығып, анықтап көрді. 

Рейд барысында 30-ға жуық шетел азаматы ұсталды. Оның дені -Өзбекстан мен тәжікстандық. Ұсталғандар Байқоңыр аудандық полиция департаментіне жеткізілді. Олардан саусақ іздері алынып, тіркеуге алынды. Солардың бірі -Всеволод Кондратьев. Ол осыдан 2 жыл бұрын Ресейден Қазақстанға жұмыс іздеп келіпті.

Всеволод КОНДРАТЬЕВ, РЕСЕЙ АЗАМАТЫ:

Шетелдіктерге уақытша тұруға рұқсат алу үшін қазір саусақ ізін тіркейді екен. Жұмыс бабымен келдім, ақпараттық технологиялар саласында қызмет етемін. Осында жұбайым тұрады. Қазақстанда алаңсыз жүруім үшін заңға сәйкес саусақ ізін тапсырайын деп отырмын.

Елге кірген шетел азаматтары 30 және 90 күн аралығында емін-еркін жүре алады. Алайда, оны да ескермейтіндер көп. Тәртіп сақшылары жауаптан жалтарғандар айыппұл арқалайды немесе шекарадан шығарылады дейді.

Самат АҚҚҰЛОВ, БАЙҚОНЫР АУДАНДЫҚ КӨШІ-ҚОН ҚЫЗМЕТІНІҢ ПОЛИЦИЯ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:

Қазіргі таңда заңның күшеюіне байланысты шетел азаматтарының 90% заңды түрде жүреді. Байқоныр ауданы бойынша 2000-2500 ге жучқ шетел азаматтары жұмыс жасайды. Жыл басынан бері бізде 250-ден астам шетел азаматтары жазаға тартылып, әкімшілік сот шешімі арқылы айппұлдар болмаса Қазақстанның аумағынан шығарып жіберу қаулысымен шығарып жіберіп жатыр.

Айта кетейік, елге жұмыс іздеп келгендердің ең көбі құрылыс, ауыл, орман және балық шаруашылығында қызмет етеді. Ал, ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында жыл сайын республикаға шетел мамандарын тартуға квота беріледі.