Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкентте жаз шыққалы жылан көбейіп кеткен

Шымкентте жылан көбейіп кетті. Әсіресе күн қатты ысығалы жеке тұрғын үйлердің маңында бауырмен жорғалаушылар жиі ұшырасатын болды дейді тұрғындар.  Төтеншеліктерге улы жәндікті аулау бойынша 125 рет шақырту түскен. Жыландар көбіне шөбі қалың, тасы көп жер үйлердің ауласында кездеседі. Тіпті үй ішіне кіріп кететін жағдайлар да аз болмай тұр. Жыл басынан бері мегаполисте 4 адамды жылан шаққан. Ауруханаға түскендерге тиісті медициналық көмек көрсетілгеннен кейін амбулаториялық емге жіберілді дейді дәрігерлер. 

Рақымжан БЕКЕНБАЕВ, ҚАЛАЛЫҚ ЖЕДЕЛ-ҚҰТҚАРУ ЖАСАҒЫ ҚҰТҚАРУ БӨЛІМШЕСІНІҢ БАСШЫСЫ:

Жыл басынан 125 рет жылан оқиғасына шақыртуылымға шықты. Оның 78-інде жыландар ұсталып, қауіпсіз жерге жіберілді. Бұл көрсеткіш 2023 жылы 138 рет орын алған. Оның 91-нде жыландар ұсталып, қауіпсіз жерге жіберілген.