Русский Сайттың толық нұсқасы

Астаналық журналистер баспаналы болды

Астанада журналистерге пәтер кілттері табысталды. Кәсіби мерекеге орай бұқаралық ақпарат құралдарының 67 қызметкері баспаналы болды. Салада қажырлы еңбек етіп келе жатқан мамандар елорда төріндегі жаңа тұрғын үйде қоныс тойын тойлайды. БАҚ мамандарына баспананы «Дара» Президенттік бастамалар қоры сыйлады. 

Берік УӘЛИ,  ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КЕҢЕСШІСІ – БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Бұл мемлекеттік бағдарламалар арқылы салынған үйлер емес. Бұл таза Президенттің өзінің жірналистер қауымына беріп отырған тартуы деп қабылдаңыздар. Мемлекет басшысы былтырғы жылдан бастап жылда тұрақты түрде осындай пәтер кілттерін табыстауды әдетке айналдырып жатыр.

Бекболат САТУОВ,  "ASTANA TV" ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ ТІЛШІСІ:

Керемет сезім, шынымды айтайын, осыған дейін білген жоқпын. Табан асты дейді ғой қазақ, Жақсылық табан асты. Сондықтан бүгін өте қуаныштымын. Мемлекетімізге, Президентімізге мың алғыс. Арна басшылығына мың алғыс, осындай үлкен сыйлық жасап отыр.