Русский Сайттың толық нұсқасы

ҰБТ-дан 140 балл жинаған түлекке 5 миллион теңге сыйақы берілді

  • AstanaTV
  • 28 маусым 2024
  • 594
Р.Қошқарбаев атындағы Қосшы мектебінің оқушысы Ержанова Айым ҰБТ-дан 140 балл жинады. Елорда да ҰБТ-дан жоғаы ұпай жинаған түлектер марапатталды, деп хабарлайды kazinform.

Тестілеудегі барлық сұраққа дұрыс жауап беріп, максималды балл жинаған Айым Ержановаға «ZERDELI» ақыл-ой дамыту орталығының директоры Ырысбек Мәуітұлы 5 миллион теңге және iPhone 15 телефонын сыйлады. ҰБТ-дан 139 балл жинаған Ақнұр Утеқұл мен 137 балл жинаған Мардан Куншыгаровға iPhone 15про және Дубайға жолдама табыс етілді. 

Соныме бірге 130 дан жоғары ұпай жинаған Асылмұрат Өтеміс (135 ұпай), Нұрбек Боларбек (130 ұпай), Алихан Әубәкір (130 ұпай), Гүлнұр Атамбай (130 ұпай), Аяна Жайлаубаева (133 ұпай) қатарлы түлектер 50 мың теңгенің сертификаты және Дубайға жолдама ұтып алды. 

«Менің білімге қатысты үш ұраным бар. Біріншісі – Білім бізді біріктіреді. Осы білімнің арқасында басымыз қосылып отыр. Екінші ұраным – Білімдінің күні жарық. Осы алған білілмдерің отбасыңыздан бастап, бүкіл қазақ еліне жарық шашары сөзсіз. Үшінші ұраным – Оқыған оразды. Міне, бүгін соның куәсі болып тұрмыз. Айым оқыды, тоқыды, ұйқысыз түндер өткізді, бүгін соның жемісін көріп, ата-анасын, ұстаздарын қуантып отыр», - дейді марапаттау шарасына келген Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев. 

ҰБТ-дан ең жоғары ұпай жинаған Айым Ержанова адамда мақсат пен сенім болса және соған сай әрекет етсе алынбайтын қамал жоқ екенін айтады. 

«Білмге құштар жақсы орта таптым, бірге дайындалдым. Телефоннан алшақтап, кітапқа көңіл бөлдім. Уақытымды тиміді пайдалануға тырыстым. Ата-анамның үмітін ақтағаныма қуанып тұрмын. Осы орталыққа 10 сыныптан бастап келіп, дайындалып жүрмін. Дүниежүзі тарихы және ағылшын тілі пәндерін таңдадым. Осы орайда ата-анама және ұстаздарыма алғыс айтамын. Алла қаласа Еуразия ұлттық университетінен екі шет тілі мамандығын таңдап отырмын», - дейді ҰБТ-дан 140 ұпай жинаған Айым Ержанова. 

Айымның ата-анасы қызының оқуына барынша қолдау білдіретінін айтты.  

«Қосшы қаласында тұрамыз. 6 балам бар. Айым – тұңғыш қызымыз. Ол әжесімен бірге бір бөлмеде тұрады. Мектепті Алтын белгімен бітіріп, 100 мың теңге марапат алған болатын. Өзі өте қажырлы, оқуға ынталы болды. Бізде ата-ана ретінде мүмкіндігімізше оған қолдау білдіріп келеміз», - дейді анасы Тапенова Айгерім Манатқызы.

«ZERDELI» ақыл-ой дамыту орталығының директоры Ырысбек Мәуітұлы білімді жастарға сыйлық беріп, ынталандырудың басты мақсаты – білімді трендке айналдыру екенін айтады.

«Бұл – білімділердің заманы, жаңа технологияның заманы. Білімді трендке айналдыру – басты мақсатымыз. Білім арқылы үлкен жетістікке, табысқа жетуге болатынын дәлелдегіміз, жастардың санасына сіңіргіміз келеді», - дейді Ырысбек Мәуітұлы.