ТЖМ кинологтары адасып кеткен Ұлыбритания азаматын тапты. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Ведомство мәліметінше, бүгін Алматы облысының Ақтас үстірті ауданында таулы жерлерде Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары іздестіру жұмыстары барысында адасқан Ұлыбритания азаматын тапты.
«Іздеуге құтқарушылардың кинологиялық есебі жұмылдырылды. Жоғалған адамға медициналық көмек қажет болған жоқ.
Төтенше жағдай орын алған жағдайда112 телефонына хабарласыңыз!» – делінген хабарламада.