Русский Сайттың толық нұсқасы

Күннің ыстығына байланысты Өзбекстанда пойыздардың жылдамдығы төмендейді

  • AstanaTV
  • 29 маусым 2024
  • 355

Өзбекстанда аптап ыстыққа байлынысты пойыздардың жүру жылдамдығына шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Ташкенттегі меншікті тілшісі Әлихан Асқар. 

«Температура жоғары болған кезде теміржол рельстері мен олардың болат бөліктері қызады. Жолаушылар мен пойыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жылжымалы құрамның қозғалыс жылдамдығына шектеулер енгізіледі», – делінген «Узтемирйулйуловчи» компаниясы тартқан хабарламада. 

Осыған байланысты компания пойыздардың кешігуі мүмкін екенін ескертті. Сонымен қатар вагондардағы салқындату жүйесін толық қуатта пайдалануға шектеу енгізіледі. 

Айта кетейік, кейінгі бірнеше күн қатарынан Өзбекстанда аптап ыстық сақталуда. Орташа температура +44…+46 градус болса, кейбір өңірлерде +48 градустан жоғары.