Русский Сайттың толық нұсқасы

Рейстер кешігеді: Астананың әуе кеңістігі уақытша жабылды

  • AstanaTV
  • 29 маусым 2024
  • 346

Астанада әуе кеңістігі уақытша жабылады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Әскери ұшақтардың оқу-жаттығу ұшуларына байланысты Астана әуежайының аспаны уақытша жабылды.

Азаматтық авиация комитетінің хабарлауынша, Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитін өткізуге байланысты Астана әуежайында ұшу-қону тоқтатылған.

"Астана әуежайындағы рейстердің 28 маусымнан бастап кешіктіріледі. 3-4 шілдеге жоспарланған ШЫҰ саммитіне дайындық аясында қорғаныс министрлігі ұшақтарының оқу-жаттығу ұшуларын өткізуде. Сол себепті елорда әуежайындағы әуе кеңістігінің уақытша жабылады", – делінген хабарламада.

Оқу-жаттығу рейстері 30 маусымға дейін 09:25 пен 10:20 арасында өткізіледі.

“Шектеулерге түсіністікпен қарауыңызды сұраймыз. Сондай-ақ осы уақытта рейсі бар жолаушыларға ұшу уақытын авиакомпаниялардан нақтылауларын сұраймыз. Әуе кеңістігінің уақытша жабылуы Астана мен Алматыдағы және басқа да қалалардағы рейстердің тізбекті кешігуіне алып келеді", – деп толықтырды комитет.