Русский Сайттың толық нұсқасы

Парламенттің төменгі палатасы Ембі сынақ полигонын жалдау туралы шартын тоқтатты

  • AstanaTV
  • 22 ақпан 2017
  • 3172

Ресейліктердің жалдауынан босатылған Ембі полигоны шаруаларға не пайдалы қазба өңдеушілерге берілмек. Бүгін Парламенттің төменгі палатасы Ембі сынақ полигонын жалдау туралы шартын тоқтатты. Енді 300 мың гектар жер Ақтөбе облысының әкімдігіне берілді.

Ембі сынақ полигоны жабылғанмен, Ресей қазақ даласында әлі үш полигонда әскери сынақтарын жүргізіп келеді. Көрші ел әскери мақтатта пайдаланып отырған қазақ жерінің жалпы аумағы 8 млн 600 мың га құрайды. Былтыр Ресей 4 полигон жерін жалдау үшін бюджетке 7 млрд теңге қаржы жұмсаған.

Талғат Мұхтаров, ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары:

1 гектарға екі жақтың келісіміне сәйкес, 1 гектарға 2,6 доллар келісілген. Сол ставкаға сай есептелді. Полигон жерін келісімге сай 10 жылға 1-ші келісім қойылады. Сосын өзінің белгілі тәртібі бойынша ары қарай ұзартыла береді.