Русский Сайттың толық нұсқасы

Қырғызстандағы табиғи апат: қайтыс болғандар арасында қазақстандық балалар бар

  • AstanaTV
  • 29 маусым 2024
  • 552

Биылғы 28 маусымда Қырғызстанда нөсер жауыннан Ош облысының Ноокат ауданында сел жүрген болатын, салдарынан тұрғындар мен туристер арасында зардап шекті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қырғызстанның Төтенше жағдай министрлігінің алдын ала берген ақпараты бойынша, қаза тапқандардың арасында Қазақстанның кәмелетке толмаған азаматтары бар. Қазіргі таңда екі баланың денесі табылып, тағы екеуін іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.

СІМ мәліметінше, табиғи апат орнында қырғыз тарапының құтқару қызметтері жұмыс ісістеуде.

Қазақстандық дипломаттар жергілікті билікпен тұрақты байланыста. Біздің Қырғызстандағы елшілігіміз қайтыс болған балалардың туыстарына барлық қажетті көмек көрсетіп жатыр. Бұл қайғылы оқиға ҚР Сыртқы істер министрлігінің ерекше бақылауында. Осыған байланысты Қазақстан сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Қырғызстан СІМ басшысы Жээнбек Кулубаевпен телефон арқылы сөйлесіп, төтенше жағдайдың мән-жайын және екі елдің тиісті мемлекеттік органдарының өзара іс-қимылын талқылады, - делінген мәліметте.