Русский Сайттың толық нұсқасы

Спорт залдың бірінде атыс болып, екі адам көз жұмды

  • AstanaTV
  • 01 шілде 2024
  • 274

АҚШ-тың Вирджиния штатының Александрия қаласындағы спорт залдардың бірінде атыс болып, салдарынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды iz.ru.

Қарулы азамат алдымен бір адамды, сонан соң өзін-өзі атып өлтірген.

DC News Live порталының хабарлауынша, оқиға 29 маусым күні түстен кейін болған. Оқиға болған кезде спорт залда 60-қа жуық адам болған. Олар атысты естіп, ғимараттан жүгіріп шыққан.

Тергеу амалдары жүріп жатыр. Қайтыс болғандардың денелеріне сот-медициналық сараптама тағайындалған.