Русский Сайттың толық нұсқасы

Оралдағы экологиялық-биологиялық орталықтан 100 тонна қоқыс шығарылды

Оралдағы экологиялық-биологиялық орталықтың жұмысы қалпына келтірілді. Су тасқыны кезінде бұл жерге де зор қауіп төнген еді. Сол кезде мұндағы 250-ден астам аң-құс дереу қауіпсіз жерге көшірілді. Қазір жануарлардың бәрі бұрынғы мекеніне қайта орналастырылған. Бірақ тасқын су жылыту орталығы мен жылыжайды бүлдіріп, сирек кезесетін бірқатар өсімдікті шайып кеткен. Қазір бүлінген аумақ тазартылып жатыр. Орталықты қоқыстан тазарту ісіне еріктілермен қатар, мемлекеттік қызметшілер де қол ұшын созуда. Сумен бірге ағып келген қалдықтар, құм салынған қапшықтар жиналды. Арнайы техниканың көмегімен 100 тонна қоқыс шығарылған. 

Фатима КЕРЖІКОВА, ЭКОЛОГИЯЛЫҚ-БИОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚТЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Көшкен малдарға келгеннен соң тұрған жері өте үлкен стресс болды. Көпке шейін тамақ ішкен жоқ. Біз жалғыз болған жоқпыз, бүкіл ел су келместен бұрын көмектесті. Қазір су кетті. Сол жұмыстар қайтадан қазір жалғасып жатыр. Бүкіл қоқыстар шығарылып жатыр.