Бұл туралы ақпарат Ашық НҚА порталында пайда болды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Екібастұз қаласының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі қалалық комиссиясы кезектен тыс отырысының 2024 жылғы 28 маусымдағы №8 хаттамасы негізінде келесідей шешім қабылданды:
– «Energy Solutions Center» ЖШС-де орын алған авариялық жағдайға байланысты Екібастұз қаласында объектілік ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай режимі жариялансын. Төтенше жағдайды жою басшысы болып «Energy Solutions Center» ЖШС-ның бас директоры Айдарбек Кыстаубаев тағайындалсын (келісім бойынша), – деп жазылған хабарламада.
Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Айта кетейік, «Energy Solutions Center» ЖШС филиалы жекелеген бейінді емес функцияларды шығару үшін бизнесті трансформациялау шеңберінде құрылған «Самұрық-Энерго» АҚ-ның 100% еншілес ұйымы болып табылады. Компания ІТ-қызметтерінің кең спектрін ұсынуға маманданған.