Русский Сайттың толық нұсқасы

Ұзатылайын деп отырған қыз сұлулық салонында көз жұмған

  • AstanaTV
  • 02 шілде 2024
  • 406

Түркияда тұрмысқа шығайын деп жатқан қыз сұлулық салонына барған соң кенет ауырып қайтыс болды, – деп хабарлайды Massaget.kz.

Оқиға кеше Сүрүсу ауданындағы сұлулық салонында болған. Hurriyet.com.tr хабарлауынша 29 жастағы Тугче Акат сұлулық салонына барған соң өзін нашар сезіне бастаған. Оқиға орнына 112 жедел жәрдем бригадасы жөнелтілгенімен, қыздың өмірін құтқара алмады.

Медициналық көмек көрсеткен мамандар қыздың жүрегі талмасына ұшырағанын анықтады. Қыздың қуанышына жиналған ата-анасы мен туыстары, достары оның жаназасына қатысты.