2026 жылы отбасын қолдау орталықтарының саны 200-ге дейін артады. Мекемелер жанұяларға кешенді көмек көрсетеді. Бүгінде елімізде осындай 68 орталық жұмыс істеп тұр. Әйелдер мен балалардың құқығын қорғау мақсатында қабылданған заңды іске асыру аясында аталған орталықтардың қызметін жүзеге асыру қағидалары әзірленді. Бұдан былай олар бір типті жұмыс атқарады.
Үйлену оңай, үй болу қиын. Былтыр елімізде 120 мың жұп неке қиды. Оның 16 мыңы ажырасты. Қазақстан ажырасу көрсеткіші бойынша әлемде 16-шы орында тұр. Бұл – алаңдатарлық статистика. Сарапшылар ажырасудың ең қауіпті кезеңі ретінде отбасы құрғаннан кейінгі 5-9 жыл аралығын айтады.
Бекзат ҚҰРМАНҚЫЗЫ, ҚҚДИ ОТБАСЫ ЖӘНЕ ГЕНДЕРЛІК САЯСАТ САЛАСЫНДАҒЫ ЗЕРТТЕУЛЕР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ САРАПШЫСЫ:
Негізгі басты факторлар деп соларды айтуға болады – маскүнемдік, ойынқұмарлық, нашақорлық, сосын отбасына үшінші не басқа бір тұлғалардың араласуы. Одан кейінгі әлеуметтік, экономикалық, көбінесе, ақшаның жетіспеушілігі. Солай солай кете береді.
Берік отбасы – мемлекет тірегі. Отбасын құру – үлкен жауапкершілік екен ұмытпаған жөн. Мамандар екі жасқа отау тікпес бұрын арайы дайындықтан өту қажет дейді. Ол үшін мемлекет тарапынан отбасы институтын нығайту мақсатында бірқатар шаралар қолға алынып жатыр.
Айша ҚҰРМАНҒАЛИ, ҚХА ЖАНЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АНАЛАР КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕСІ:
Отбасының беріктігі – жұбайлардың өзара бір-біріне деген сенімі, өзара мәмілесі, өзара сүйіспеншілігінің негізінде құрылады. Бірнеше жылдап бірге жүрген жастар үйленген кезде аяқ астына ажырасып кетеді. Оның бірден-бір себебі – олардың отбасылық өмірге дайндығының бомауы. Сондықтан міндетті түрде шағын курстардан өтсе, кеңестер алса деген, АХАЖ жандарына сондай бір қызметтер ашылса деген өзімнің бір тілегім бар.
Еліміздегі отбасын қолдау орталықтары тұрғындарға психологиялық, әлеуметтік және құқықтық көмек көрсетеді. Онда жанұя мүшелерінің түрлі курстар мен семинарлардан өтуге мүмкіндігі бар. Мониторингтік топтар құрылып, жанұялар бойынша алдын ала ақпарат жинайды. Бұл мекемелер жұмысы отбасындағы келеңсіз жағдайлардың алдын алуға бағытталған.
Іңкәр ТҰРСЫН, ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ ОТБАСЫ САЯСАТЫН ҮЙЛЕСТІРУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС САРАПШЫСЫ:
Қиын жағдайларға тап болған отбасылармен ғана емес, сонымен қатар жас отбасылармен жұмыс жүргізіледі. Дербес негізде «111» жедел желі арқылы немесе мемлекеттік органдардың байланысы арқылы отбасының жағдайы бойынша ақпарат берледі. Сол ақпаратты алғаннан кейін бұл мобильдік топтар алдын алу жұмыстарын жүзеге асырады. Кешенді жұмыс жүргізеді.
Аталған орталықтар алдағы уақытта тек ірі қалаларда емес, шалғайдағы аудандарда да ашылады.