Русский Сайттың толық нұсқасы

Еліміздің цемент экспорты жалпы көлемінің 20 проценті Қызылорда облысына тиесілі

Еліміздің цемент экспорты жалпы көлемінің 20 проценті Қызылорда облысына тиесілі. Шиелі ауданында орналасқан зауыт тәулігіне 2500 тонна клинкер цемент өндіреді. Қазақ-қытай бірлескен жобасы аясында іске қосылған өндіріс орны 2019 жылы пайдалануға берілген. ЗауыттағЫ қайнаған тірлік пен өндірістің қуаттылығы туралы келесі бейнематериалда. 

Зауыт қуаттылығы жылына 1 млн тоннадан аса цемент өндіреді. Соңғы технологиямен жабдықталған өндіріс орны қоршаған ортаны ластамайды дейді мамандар. Ал технологиялық процестердің барлығы бейнебақылау арқылы орталықтандырылған жүйеге қосылған. Сондықтан әрбір процесс қатаң бақылауда. Соған сай сапа да жоғары. Шығарылған өнім ішкі нарықты қамтып қана қоймай, шет елдерге де жөнелтіледі.

Табиғат ӘБЕКОВ, БАС МАМАН:

Біздің цементіміз Қазақстанның 80 пайызын қамтып отыр демесек те Ақтөбеде филиалымыз бар. Ақтөбеге барады, Алматыға барады. Қызылорда, Түркістан, Шымкентке барады. Алматыға барады. Одан қалса сыртқы экспортқа шығарып отырған жайымыз бар. Цемент өндіруге қажетті шикізаттың 80 пайызы известняк құрайды. Оны жергілікті таудан аламыз.

 Жобаның жалпы құны- 64 млн теңге. Өндіріс орны негізінен жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтып отыр. Бұл цемент зауыты -аймақтағы сәтті жүзеге асқан инвестициялық жобалардың бірі.

 У ЧЖЕНЬХУА, «ГЕЖУБА ШИЕЛІ ЦЕМЕНТ КОМПАНИЯСЫ» ЖШС БАС БАСҚАРУШЫСЫ:

Өніміміз аз уақыттың ішінде тұтунышылар арасында танымал болды. Зауыт Қазақстанның бесінші кезекті «Үздік инвестициялық үлес» марапатына лайық деп танылды. Сонымен қатар, кәсіби технолгиялар және сертификаттау орталығы берген «Сапа бойынша үздік жетістік» сыйлығын жеңіп алды. Компаниямыз өндіріске үлес қосып қана қоймай, әлеуметтік қайырымдылық шараларға белсенді қатысып келеді.

Бұл аймақта қытайлық инвестордың қатысуымен жүзеге асқан жалғыз жоба емес. Бірлескен келісімнің арқасында еліміздегі алғашқы шыны зауыты іске қосылды. Онда жылына 197 мың табақша шыны өндірілуде. Бүгінде өндірісті одан әрі дамыту мақсатында жұмыстар істеліп жатыр.