Русский Сайттың толық нұсқасы

Президент өкілеттігі туралы заң наурыз айында парламентке түседі

  • AstanaTV
  • 23 ақпан 2017
  • 2241

Президенттің кейбір өкілеттіктерін билік тармақтарына бөліп беру туралы заң жобасы парламентке наурыз айының ортасында түседі. Бұл туралы Әділет министрлігінде өткен қоғамдық тыңдауда белгілі болды. Вице-министр Зәуреш Баймолдинаның айтуынша, президент өкілеттігіне қатысты әлеуметтік-экономикалық процесстерді реттеуге бағытталған екі заң жобасы дайындалып жатыр. Олардың ішінде арнайы экономикалық аймақтарды, бюджетті бөлуді үкіметтің қадағалауына, республикалық мәні бар шекараларды бөлуді президент әкімшілігімен келісе отырып үкіметке беру, арнайы валюталық режимді жүргізуді Ұлттық банктің қадағалауына беру бар.

Зәуреш Баймолдина, ҚР Әділет вице-министрі:

Бізде судьяларға қызмет куәлігін беруді президент анықтайтын. Бұл қажет емес деп ойлаймын. Судьяларды қызметке тағайындау бұрынғысынша қалады. Ал оларға қызмет куәлігін беруді Жоғарғы сот кеңесі шешетін болады. Біздің дайындап отырған екі заң жобасы Парламентке осы жылдың 15 наурызына қарай енгізіледі.

Саламат ОМАШ