Русский Сайттың толық нұсқасы

Үстіміздегі жылы құны 5 млрд теңгеден асатын 33 нысан саудаға шығарылады

  • AstanaTV
  • 23 ақпан 2017
  • 2892

Үстіміздегі жылы құны 5 млрд теңгеден асатын 33 нысан саудаға шығарылады. Және жекешелендіру бағдарламасы бойынша «Самұрық-Қазына» қорының ірі 9 нысанын айтапағанда, республикалық меншіктегі барлық нысандардың сатылымы 2017 жылы аяқталады деп жоспарланған.

Бұл туралы Қаржы министрлігінің алқа мәжілісінде ведомствоның вице-министрі Берік Шолпанқұлов мәлімдеді. Ол коммуналдық нысандарды жекешелендіруге белсене қатысқан аймақтарды да атады. Олар Қостанай мен Шығыс Қазақстан өңірлері және Алматы қаласы. Өткен жылы жекешелендіруден ел қоржынына 4 млрд 285 млн теңге түскен. Ал Қаржы министрі бизнесті жөн жосықсыз тексере беретін қол астындағыларына ескерту жасады. Бақыт Сұлтанов былтыр жүргізілген 76 мың тексерістің 23 мыңы рейдтік негізсіз тексеріс болғанын айтты.

Бақыт Сұлтанов, ҚР Қаржы министрі:

Менің кәсіпкерлерге айтатыным, онлайн-кассалық машина болу керек. Оны орнатуларыңызды сұраймын. Ондай жағдайда ешкім сіздерді рейдтік тексерістермен қинамайды. Біз өзіміздің қызметкерлерге қатаң қарайтын боламыз. Егер тексеріске қатысты нақты деректер анықталса, қызметкерлерімізді жұмыстарынан қууға дейін барамыз.