Қостанайда «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы ауқымды жүргізіліп жатыр. «AMANAT» партиясының облыстық филиалы «Таза бейсенбіні» апта сайын ұйымдастырып келеді. Бұл жолы экологиялық шараға мәжіліс депутаты Екатерина Смышляева да атсалысты. Халық қалаулысы Тобыл жағасына жиналған қауымға қосылып, жағажайды қоқыстан тазартты. Жалпыұлттық науқанға банк қызметкерлері мен қалалық мәслихат депутаттары, «Тіл дарын» орталығының мамандары да қатысты. Ауқымды акция әлі жалғасады.
Екатерина СМЫШЛЯЕВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Аударма: Бұл бастаманың негізгі межесі - әркімнің өзі тұратын шаһарын, ауласын, көшесін, саябағын тазалықта ұстауға шақыру. «AMANAT» партиясы жалпыұлттық науқанға ерекше атсалысып жатыр. Біздің фракция бұған дейін республика деңгейінде ұйымдастырылған ауқымды акцияларға бірнеше рет атсалысты.
Тоты ӘБДІБЕКҚЫЗЫ, ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ:
Бұл бастама еріктілер, жастар, саяси партиялар, депуттатық корпус, еңбек ұжымдары жалпы тұтас алғанда қоғамдық қолдау табуда.Елімізде бірлескен ауқымды іс-шаралар жүзеге асырылып жатыр қазіргі таңда. «Таза Қазақстан» экоакциясы президенттің «Адал азамат» идеясы яғни жаңа қоғамдық этика қалыптастыру туралы бастамасының құрамдас бөлігі деп айтуға болады.
Ал Алматы облысында «Таза Қазақстан» жобасы басталғалы тазалық жұмыстарына 700 мыңға жуық адам қамтылған. Жамбыл ауданында депутаттар мен белсенділерден құралған 100-ден аса адам табиғат тазалығы үшін бірігіп, Қастек өзенінің бойын қоқыстан арылтты. Әрбір тақырып бойынша бекітілген бес апталықтың қорытындысы бойынша 20 мың тоннаға жуық қоқыс шығарылды.
Меруерт МОЛДАШЕВА , ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ:
Тек қана бір күндік емес, әрдайым біздің бойымыздағы, жүрегіміздегі жүріп отыратын осы таза тазалық бейне болуы керек деп санаймын. Біз өзімізде қолдаймыз бұл тек біздің сана сезімімізде болу керек. Сондықтан мына табиғатқа бей жай қарамайтын Қазақстандықтарды барша елді осы таза бейсенбі акциясына бір ауыздан ат салысуға шақырамыз.