Павлодар
облыстық экология департаменті химиялық реактивсіз қалуы мүмкін. Өйткені
мемлекеттік сатып алуға шығарылған 110 лоттың тек екі-үшеуіне ғана байқау
өткізілген. Шенеуіктердің сөзінше, байқау ақпанда ұйымдастырылғанмен, оған
қатысушылар табылмаған. Соның салдарынан мемлекеттік сатып алу болмай қалды.
Мекеменің химиялық бақылау бөліміне шамамен 10 грамман 1 кг дейін түрлі
химиялық реактивтер қажет. Бұл заттар лабораториялық жұмыстарда қолданылады.
Анықталғандай, әктасты сатып алу бойынша байқауға бірде бір өтініш түспепті.
Дәл осындай жағдай - натрий сульфаты мен калий цитратын алу ісінде де
кездескен. Бүгінде әрбірінің құны 1 мың теңгені құрайтын 45 конкурс
өткізілмеген деп танылды.
Татьяна
Бишевец, Павлодар облыстық экология департаментінің бас есепшісі:
Сатып
алынатын химиялық реактивтер 40 теңгеден 134 мың теңгенің арасында. Байқаудың
болмай қалуының басты себебі валютааралық алшақтық пен химиялық реактивтерді әкелу уақытының
тығыздығында деп ойлаймын. Бұл жағдайдан шығудың басты жолы - баға саясаты мен
тауарды әкелу мерзімін қайта қарау болып табылады.