Русский Сайттың толық нұсқасы

"Астана саммиті ШЫҰ тарихындағы жаңа дәуірдің бастауы болды", - сарапшы

Астана саммиті Шанхай Ынтымақтастық ұйымының тарихындағы жаңа дәуірдің бастауы. Бірлестіктің құрылымына енгізілетін өзгерістер- оның бірден-бір дәлелі. Сарапшы Бауыржан Әукен Әлем саясатында тұрақсыздық болып тұрған кезеңде көптеген мемлекет басшыларының басын қосып, жаңа бастамаларға шақыру – еліміздің жаһандық аренада орны ерекше екенін айқындайды - дейді. 

Бауыржан ӘУКЕН, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР ИНСТИТУТЫНЫҢ АҒА САРАПШЫСЫ:

Жалпы саммит еліміздің экономикасына, одан әрі дамуына үлкен септігін тигізеді. Жалпы саммиттің тағы да бір ерекшелігі -ол әлем елдерінің тұрақтылыққа, диалогқа, ортақ мәселелерге шешім табуына бей-жай қарамайтындығының белгісі.

Шанхай ынтымақтастық ұйымы қарастыратын мәселелердің ауқымы аймақтықтан жаһандық мәселелерге ойысып жатыр. Ал бұл бірлестік деңгейін одан ары арттыра түседі. Енді ұйымға мүше 10 мемлекет зұлымдықтың үш күшіне қарсы бірлесе әрекет ететін болады. Яғни терроризм, сепоратизм, радикализмнің жолын кесіп, әлем тыныштығы үшін күш біріктірмек. 

Риззат ТАСЫМ, САЯСАТТАНУШЫ:

Ал енді мына жерде ортақ көзқарас қалыптасты. Қорытынды құжатқа қол қойылды. Енді алдағы уақытта әр мемлекеттің ішкі органдарына жол ашылды деген сөз. Ортақ зұлымдыққа қарсы күресуге.