Оқыс жағдайға қатысты тергеу ұйымдастырылуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық еңбек басқармасының мәліметінше, 2 шілде күні түсіру орнынан қозғалу кезінде автосамосвал құлап кеткен. Салдарынан 1966 жылы туған жүргізуші қайтыс болған.
– Қазіргі таңда жазатайым оқиғаға қатысты тергеу ұйымдастырылуда. Оқиғаның мән-жайы тергеу аяқталғаннан кейін ғана белгілі болады, – деп хабарлады басқармада.
Қайғылы оқиға «Богатырь Көмір» ЖШС-нде орын алған.