Русский Сайттың толық нұсқасы

Топан судан зардап шеккен Тобыл өңірінің тұрғындары баспанамен қамтамасыз етіліп жатыр

Мемлекет басшысының тапсырмасымен Қостанай облысында тасқыннан зардап шеккен тұрғындарды баспанамен қамту жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Қазіргі күні 315 отбасы үйлі болды. Тағы 153 үйдің құрылысы межелі мерзімінде аяқталады. Жаңа қоныстың жағдайымен зиялы қауым өкілдері мен журналистер қауымы танысты.

Алтынсары кентінің тұрғыны Әлия Нұғыманованың үйін су басып, баспанасыз қалған. Қара шаңырақты қайта жөндеуге келмейді. Ауыл тұрғыны жергілікті биліктің ұсынысын қабылдап, жаңа қонысқа көшуге келіскеніне бек қуанышты.

Әлия НҰҒЫМАНОВА, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:

Өз бұрынғы үйім су астында қалды.Үйім кішкене ескілеу болып еді. «Тазақ бұлақ» деп шағын ауданды қойды. Өте орынды.Өмірді осы жерден бастап жатқан соң бәрі де таза болсын деп, соған қуанып.21 үй салынып жатыр.Сол үй иелерінің бәрінің қуанышы шексіз.

Осы ауылдың тағы 73 отбасына қаладан пәтер берілді. Ал Қостанай шаһары бойынша 222 үйге техникалық зерттеу жүргізіліп,комиссия шешімімен 113 баспананы қайта қалыпқа келтіруге қаражат бөлінді. Қонай шағын ауданында салынып жатқан 14 жаңа үй тамыз айында қолданысқа беріледі.

Жанұзақ АЯЗБЕКҰЛЫ, ЖАЗУШЫ:

Бөлмелері бөлек-бөлек салынған және қызыл кірпіштен.Сондай бір сапалы.Ақ отаудау сондай бір көзге де көңілге де сондай бір жағымды көз алдымызда үй тұрды.

Тасқын кезінде облыс көлемінде 1283 үйді су басқан көрінеді.Оның 468-і жөндеуге келмейтін болып шықты. Ал баспанасын жөндеймін деген адамдарға ақша берілді. 315 отбасы пәтерге көшті. Торғай жақтағы елді мекендер де құрылыс қарқынды.

Құмар АҚСАҚАЛОВ, ОБЛЫС ӘКІМІ:

Тәуіште 22 үйдің құрылысы бітуге жақын. Сол осы шілде айына қарай толығымен бітуі тиіс.Көлқамыс ауылында да құрылыс толығымен жүріп жатыр. Және де Арқалық қаласында 50 пәтерлі көпқабатты үйдің құрылысы өзінің жоспарына сай жүріп жатқанын көріп отырмыз.

Тасқыннан зардап шеккен тұрғындардың баспана мәселесі осылайша реттеліп жатыр. Қоғам белсенділері құрылыстың сапалы екенінне көз жеткізді. Енді мерзімінде ел игілігіне берілсе деген тілек білдірді.