Русский Сайттың толық нұсқасы

"Қызды ұрып-соққан": Астана полициясы желідегі видеоға байланысты қылмыстық іс қозғады

  • AstanaTV
  • 05 шілде 2024
  • 458

Астана полициясы қызды ұрып-соқты деп айыпталған жігітке қатысты қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады. Кадрларда Астана тұрғынының жігіттің жанында жылап отырған қызды өзімен бірге кетуге қалай көндірмек болған сәті түсірілген. Жігіт әйелден видео түсірмеуін сұрап, дөрекілік көрсетеді. Автордың айтуынша, жігіт қызды ұрып-соққан, алайда камераны байқаған жігіт бірден тынышталып қалған. Сондықтан видеода ұрып-соғу сәті жоқ.

"Біз жігіттің қызды ұрып жатқанына куә болдық, біз бәрін түсіре бастағаннан кейін жігіт бірден отырып алды, қорқып кетті", – дейді видео авторы.

Астана қалалық полиция департаменті видеоға байланысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

"Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады", – делінген хабарламада.