Русский Сайттың толық нұсқасы

Астана күніне орай Байқоңыр ауданында 20 аула аумағы мен үш қоғамдық кеңістік ашылды

  • AstanaTV
  • 06 шілде 2024
  • 292

Астана күніне орай Байқоңыр ауданында кешенді абаттандырылған 20 аула аумағы, үш қоғамдық кеңістік салтанатты түрде ашылды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Абаттандырылған аула аумақтарының бірі – Ж.Тәшенев көшесі, 8, 10, 12, 12/1. Бұл аула аумағы – "Халық қатысатын бюджет" жобасы аясында абаттандырылды.

Нәтижесінде, 13 мың шаршы метр асфальт жабыны ауыстырылды, сондай-ақ абаттандыру барысында балалар ойын алаңқайы, спорт алаңы, workout алаңы, демалыс алаңдары және қосымша автотұрақ жайластырылды.

Аталған аула кешенінің ашылуы Астана күнімне орай салтанатты түрде аталып өтті.

Бұдан бөлек, бүгінгі мерекеде Байқоңыр ауданының басқа да аумақтарында тағы 20 аула аумағы ашылып, тұрғындар игілігіне тапсырылды.