Русский Сайттың толық нұсқасы

«Астана – білім мен ғылымның заманауи ордасы»: Қошанов Елорда күнімен құттықтады

  • AstanaTV
  • 06 шілде 2024
  • 383

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Елорда күнімен құттықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ол сөз басында Астана мәдениет пен өнердің заманауи ордасына айналғанын ерекше айтып өтті.

«Құрметті достар! Сіздерді Астана күнімен шын жүректен құттықтаймын! Елорда – елдігіміздің айшықты белгісі, Тәуелсіздігіміздің мызғымас тірегі.

Сарыарқа төсінде бой көтерген осынау бас қаламыз ширек ғасырдан астам тарихында еліміздің өркендеуіне тың серпін берді. Сәулеті мен дәулеті жарасқан Астана – бүгінде білім мен ғылымның, мәдениет пен өнердің заманауи ордасы.

Төрткүл дүниенің тұғырлы тұлғалары, беделді халықаралық ұйымдар бас қосатын, тағдырлы шешімдер қабылданатын диалог алаңына айналды», - деп жазады Мәжіліс төрағасы.

Ол сөзін жалғай отырып, Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитін де қозғап өтті.

«Күні кеше елорда шежіресі сондай тағы бір жаһандық жиынмен, тарихи оқиғамен толығып, Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті жоғары деңгейде өтті.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Астана – болашағы зор қала. Келешекте де Астана біздің геосаяси аймақтағы маңызды орталық ретінде дами бермек» деп, сәулетті шаһардың ерекше рөлі мен бет-бағдарын айқындап берді.

Еңсесі биік елордамыз әрдайым бірлік пен бейбітшіліктің, жасампаздық пен жаңғырудыңұйытқысы болып, елімізді биік белестерге бастай берсін!

Баршаңызға бақ-береке және амандық тілеймін!» - деді Ерлан Қошанов.