Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкентте 4 жасар бала үшінші қабаттың терезесінен құлап кетті

  • AstanaTV
  • 06 шілде 2024
  • 386

 Шымкентте көпқабатты үйдің 3-қабатындағы терезесінен 4 жасар бала құлап кетті. Бүлдіршін дереу ауруханаға жатқызылды, - деп жазды KAZINFORM.

Оқиға бүгін, 6 шілде күні Қ.Төлеметов көшесі бойындағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде болған. Дәрігерлердің айтуынша, балабақша жасындағы бүлдіршіннің жағдайы орташа.

Қалалық ТЖД ата-аналар мен ересектерге балаларды қараусыз қалдырмауды және сақтық шараларын қатаң сақтауды сұрайды. Ол үшін:

- Үйде кішкентай бала болса, терезелерді ашық қалдырмаңыз;

- Жиһазды терезелердің жанына қоймаңыз;

- Терезелер арнайы қорғаныс құрылғыларымен болуы керек;

- Бала оны өздігінен аша алмайтындай етіп терезе тұтқасын құлыптаңыз;

- Баланы терезеде тұруға және терезеден көшеде не болып жатқанын көруге үйретпеңіз, бала сіз үйде болмаған кезде қайталауы мүмкін.