Русский Сайттың толық нұсқасы

БҚО тұрғыны туысын өлтірді деген күдікке ілінді

  • AstanaTV
  • 08 шілде 2024
  • 233

БҚО тұрғыны туысын өлтірді деген күдікпен екі айға қамауға алынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Мой Город" басылымына сілтеме жасап.

Сотқа дейінгі тергеу кезінде ол қамауда болады.

Қылмыс 3 шілдеде Ақсай қаласында болды. Сағат 1:00-де зорлық-зомбылық белгілері бар 22 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Артынша Бөрлі ауданы полиция басқармасының қызметкерлері Ақсайдың 27 жастағы тұрғынын ұстады. Тергеудің алдын ала мәліметтері бойынша оқиға туыстар арасындағы дау нәтижесінде болған. Күдікті бұл әрекетін мойындады.

Облыстық соттың баспасөз қызметі мәліметінше, 5 шілдеде Бөрлі сотында прокуратураның өтініші қаралды. Қадағалау органы күдіктіні екі айға дейінгі мерзімге қамауда ұстауды сұрады.


Күдіктіге ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы "Кісі өлтіру" бойынша айып тағылды.