Русский Сайттың толық нұсқасы

Ауа райына байланысты ескерту жарияланды

  • AstanaTV
  • 08 шілде 2024
  • 218

Синоптиктердің болжауынша, Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстік-батысында найзағай күтіледі. Жел солтүстіктен соғады, күндіз облыстың солүстік-батысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстік-батысында, оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі күтіледі. 

Астанада найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15 м/с.

Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың батысында 35 градус қатты ыстық сақталады.Қостанай облысының шығысында, оңтүстігінде найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Жетісу облысының оңтүстігінде, шығысында таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың оңтүстік-шығысында, орталығында, таулы аудандарында найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. 

Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20 м/с. қ.

Шымкент: 08 шілдеде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Найзағай. Күндіз облыстың батысында дауыл. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, орталығында тұман. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың шығысында жоғары өрт қауіпі күтіледі. 

Ұлытау облысының шығысында кей уақытта қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай, бұршақ. Облыс бойынша төтенше (5 класс) өрт қауіпі сақталады. 

Ақмола облысының шығысында кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.