Русский Сайттың толық нұсқасы

Қостанай облысында 20 турист мінген көліктер балшыққа батып қалған

  • AstanaTV
  • 08 шілде 2024
  • 290

Қостанайлық құтқарушылар балшықтан адамдарды шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өткен түні Аққабақ ауылының маңында Қостанай ауданының құтқарушылары 20 адамды, оның ішінде 7 баланы балшыққа батып, шыға алмаған көліктерден эвакуациялады.

Жаңбырдың салдарынан топырақ шайылып, Аққабақ көлінде демалушылар өз көліктерімен үйге өз бетінше жете алмаған.

Құтқарушылар күшімен эвакуацияланғандар Тобыл қаласына жеткізілді, медициналық көмекке мұқтаж болмады.