Қазақстанның бірінші, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина Лондонда өтіп жатқан "Үлкен дулыға" турнирі – Уимблдонның төртінші айналымындағы матчын өткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Елена Рыбакина бұл кезеңде ресейлік теннисші, әлемнің 18-ракеткасы Анна Калинскаямен кездесті.
Қазақстандық теннисші алғашқы сетте 6:3 есебімен жеңіске жетті. Екінші сетте Елена 3:0 есебімен алға шыққанда, қарсыласы жарақатына байланысты жарысты жалғастырудан бас тартты.
Отандасымыз 53 минутқа созылған ойын кезінде жеті эйспен бірге алты брейк-пойнттың төртеуін өз есебіне жазды.
Енді Рыбакина ширек финалда украиналық Элина Свитолина мен қытайлық Ван Синьюй арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.