Русский Сайттың толық нұсқасы

Оралда бір күнде екі бала көп қабатты үйдің терезесінен құлап кетті

  • AstanaTV
  • 08 шілде 2024
  • 399

Орал қаласында бір күнде екі бала көп қабатты үйдің терезесінен құлап кетті.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 7 шілде күні болды.

«Сағат 22.50-де бесінші қабаттағы терезеден бес жасар бала құлап, алған жарақаттары салдарынан оқиға орнында көз жұмды. Осы дерек бойынша тергеу амалдары жүргізілуде», деп хабарлады ведомстводан.

БҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметі бойынша сол күні сағат 13.11-де 4 жасар ұл баланың үшінші қабаттан түсіп кеткені тіркелді. Жедел жәрдем бригадасы облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізген бала травматология бөлімшесіне жатқызылды. Жағдайы орташа ауыр. Қажетті ем алуда.