Русский Сайттың толық нұсқасы

Қарағанды жағажайындағы жылан демалушыларды шошытты

  • AstanaTV
  • 08 шілде 2024
  • 281

Қарағанды облысы Приозерск қаласындағы жағажай демалушыларын жылан шошытты. Оқиға бүгін таңертең болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Жыланды байқаған келушілердің бірі дереу құтқарушыларға хабарласып, көмек сұраған. 

Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар демалушыларға төнген қауіпті жою үшін жыланды бөтелкеге салып, қауіпсіз жерге жеткізді.