Русский Сайттың толық нұсқасы

Баянауылда жасөспірім суға батып кете жаздады

  • AstanaTV
  • 08 шілде 2024
  • 398

Баянауылда суға батып бара жатқан оқушы құтқарылды. Жасөспірімге медициналық көмек қажет болған жоқ. Бұл туралы Pavlodarnews.kz хабарлайды.  

Белгілі болғандай, 7 шілдеде Баянауыл ауданының жедел құтқару жасағының күшімен 2007 жылы туған жасөспірім суға батып бара жатқан жерінен құтқарылды.

11-сынып оқушысы жағажайда ата-анасымен бірге болған. Кезекшілікте жүрген құтқарушылар батып бара жатқан адамды көрген. Демалушылар да көмектесуге тырысқан.

Оқиға мемлекеттік ұлттық табиғи парк аумағында, «Жасыбай» демалыс аймағында болған.