Батыс Қазақстан облысында жол-көлік оқиғасынан төрт адам қаза тапты.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 7 шілде күні Ақжайық ауданы аумағында болды.
«Сағат 22.00-де Орал-Атырау жолы бойында «ГАЗель» мен «Тойота Камри» автокөліктері соқтығысты. Жол апаты салдарынан «Тойота Камри» автокөлігінің жүргізушісі мен үш жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. «ГАЗель» автокөлігінің жүргізушісі зардап шекпеген. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», деп хабарлады ведомстводан.