Русский Сайттың толық нұсқасы

Доллар бағасы 480 теңгеден асты

  • AstanaTV
  • 09 шілде 2024
  • 299

Қазақстан қор биржасындағы KASE күндізгі саудасының қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 3,94 теңгеге көтеріліп, 480,77 теңге болды. 

Ұлттық банктің 9 шілдедегі ресми бағамы бойынша бір доллар 476,27 теңге.

kurs.kz хабарлағандай, дәл қазір Алматының ақша айырбастау пункттерінде долларды сатып алудың орташа бағамы 480,08 теңгені, сатылымы 481,92 теңгені құрап отыр.

Астанадағы ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 478,02 теңгеден сатып алынып, 483,02 теңгеден сатылуда.