Русский Сайттың толық нұсқасы

Президент Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды

  • AstanaTV
  • 09 наурыз 2016
  • 1375

Президент Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына барды. Сапар барысында өңірдегі өндіріс орындары мен мәдени ошақтардың жұмысымен танысты. Орал қаласындағы «Болашақ-Т» үй құрылысы комбинатында болған мемлекет басшысы жұмысшылармен тілдесті. Жас маман Тимур Қощанов осы жүздесуді пайдаланып жеке жоспарларын Президентке жайып салды.

- Жанұяң бар ма?

- Осы кәсіпорын басшылары биыл салынып жатқан үйлерден пәтер беруге уәде беріп отыр. Баспаналы болсам отбасы құрам деген ой бар.

- Дұрыс алдымен баспана, содан соң отбасы.

Комбинат жылына 50 мың шаршы метр тұрғын үй құрылысына арналған құрастырмалы жүйелер шығарады. Мұнан бөлек темірбетон бұйымдарын өндіріп отыр. Бұл бүкіл Қазақстандағы осы тектес өнімдер шығаратын алғашқы кәсіпорын. Жоба құны 2,5 млрд. теңгені құрайды.Оның 500 млн. теңгесі - кәсіпорынның өз қаражаты. Нәтижесінде 62 жаңа жұмыс орны ашылды. Батыс Қазақстан облысына жасаған сапары кезінде  Нұрсұлтан Назарбаев Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығында да болды. Жергілікті зиялы қауым өкілдерімен кездесті. Орталық өткен жылдың мамыр айында пайдалануға берілген. Жобаның жалпы құны  825 млн. теңге болса, ғимараттың  аумағы - 4 мың шаршы метрге жуық аумақты алып жатыр.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті: 
Қадыр Мырзалиевті мен жақсы білуші едім. Қалжыңдасып жүруші едік. Ол өте үлкен артында із қалдырған адам. Өзінің өлеңдерімен, прозасымен, болмысымен, адамгершілігімен мына салған үй өте жақсы.


Еркін КАРИН