Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақмола облысында аудан әкімінің орынбасары мен аппарат басшысы төбелесіп қалды

  • AstanaTV
  • 12 шілде 2024
  • 333

Аудандық әкімдікте аудан әкімінің орынбасары мен аппарат басшысы төбелесіп қалды. Жанжалға түскен екі тарап әкімшілік сотқа бір-бірінің үстінен арыз түсірді, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Оқиға 2024 жылғы мамырда болған. Шенеуніктер әкімдік ғимаратында ауызша жанжалдасқан, кейін ол төбелеске ұласқан.

Шілдеде Ақмола облысы Шортанды аудандық соты бір-бірінің денсаулығына қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін аудан әкімінің орынбасары мен аппарат басшысына қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы істерді қарады.

Сотта жанжалға түскен тараптар кінәларын мойындамады.

"Сот қаулысымен сотталушылар ҚР ӘҚБтК-нің 73-1-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқықбұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, олардың әрқайсысына 55 380 сомасында айыппұл түріндегі әкімшілік айыппұл салынды", - деді сот.