Русский Сайттың толық нұсқасы

Түркістан облысында ауруханада ажал құшқан баланың өліміне ата-анасы дәрігерлерді кінәлап отыр

Түркістан облысында ауруханаға өз аяғымен барған 11 жасар қыздың арада 1 күн өтпей мәйіті шықты. Марқұмның ата-анасы баламыз дәрігерлердің салғырттығынан көз жұмды дейді. Оған не себеп? Әріптесім Айзада Төребекқызы мән-жайды білуге тырысты.

11 жасар Жібек бұған дейін бір жерім ауырды деп шағымданбапты. Анасы Райханның айтуынша, ауруханаға түсерден екі күн бұрын ғана баланың денесі аздап қызарып, ыстығы түспей қойған. 6-шілде күні ауруханаға бір барып, жатпай қайтқан көрінеді. Температурасы 39 -40 градусқа дейін көтеріліп, түспей қойған соң 7-шілде күні аудандық ауруханаға жедел жәрдеммен қайта жеткізілген. Бірі тегін, бірі сатулы дәріні салдыртқан алғашқы ем-домнан әсер болмағасын жұқпалы аурулар бөліміне кешке жақын жатқызуға жіберді,- дейді анасы. Жағдай сол жерде күрделене түскен көрінеді.

Райхан ЖОРАҚҰЛОВА, МАРҚҰМНЫҢ АНАСЫ:

Медсестрасы преднизолол салды, парецитамол берді, ...и тағы бір укол салайын деп жатты. Сұрадым мен: -не салайын деп жатырсыз деген едім «цеф III» ,-деді. Менің қызымның аллергиясы бар антибиотикке, салмаңыз!,, дедім. «пробамен саламын ғой деді. +Пробамен салды. Қызымның денесі ол кезде полный қызыл болған ол кезде , қызамық шығып көрініп жатқаннан кейін краснуха шығып жатқаннан кейін. Сонымен міне ешқандай положительный емес, отрицательный екен деді да «цеф III» жіберді. Бір сағат өтер өтпесте қызым судорга ұстады ғой... Мен айғайладым, көмектесіңдер, көмектесіңдер деп жатырмын.

Қыздарының өліміне ата-анасы дәрігерлерді кінәлап отыр. Халі кенеттен күрт нашарлауына салған екпе себеп болды дейді.

Ғабит АРАЛБАЕВ, МАРҚҰМНЫҢ ӘКЕСІ:

Өкпесіне су жиналды деді, ОРВИ деді, бауыры істі деді, Олар енді әр түрлі сөйледі. Неғып бүйтып жатыр?! Басында жақсы деді, енді ісіп бара жатыр деді. Ауырып бара жатыр деді. Ол жағына жиналып бара жатыр деді сары су. Сомен мен де аң-таң боп қалдым.

Ал аудандық аурухананың басшысы науқастың анасы айтқандай екі күн емес, одан ұзақтау ыстығы көтеріліп, тіпті жеке емханалардың кеңесімен ем-дом қабылдады дегенді алға тартты. Ішкі тексеру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз деген бас дәрігердің өз пайымы бар.

Нұрлан ЖОЛДАСБЕКОВ, ЖЕТІСАЙ АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ:

«Цеф-3» салғаннан ондай клиника болмайды. Қызда барлық клиника инфекционно-токсичный жағдайы болған. Реанимацияға ауысқан. Реанимацияда облыстың мамандары келіп, консультация жасаған. Ауыр жағдай деп ата-аналарына түсіндіріп айтқан. Бала өлімі болғаннан кейін бізде объязательно служебное расследование болады. Қазіргі таңда өзіміздің ауруханада ішкі бұйрықпен комиссия құрылып отыр.

Алайда, марқұмның анасы дәрігерлердің айтқанымен келіспейді. Қаралы отбасы бақилық болған қыздары қайтып тіріліп келмесін жақсы түсінеді. Десе де, бұл жағдай өзге ата-аналар мен медицина қызметкерлеріне үлкен сабақ болса екен дейді.