Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматы облысының Іле ауданында жағымсыз иістен дем алу мүмкін емес

  • AstanaTV
  • 12 шілде 2024
  • 437

Алматы облысының Іле ауданында сасыған иістен дем алу мүмкін емес. Кәріз қалдықтарының мүңкіген иісі бізді түрлі дертке шалдықтырып жатыр дейді тұрғындар. Мұнда 120 мың тұрғын қоныстанған. Олар бүгін шағымын билік өкілдеріне жеткізді.

Айдана ШАЛҚАР, ТІЛШІ:

Іле ауданы халқына таза ауа жұту арман болған. Алматыдан шығатын бүкіл кәріз қалдықтары осы жерге тазартуға жіберіледі. Тұрғындар жағымсыз иістің салдарынан ауыр дертке шалдыққандар саны көбейе ме деп қорқады.

Осы аудандағы Н.Тілендиев ауылының тұрғындары бірнеше рет арыз-шағым жазып, құзырлы органдардан көмек сұраған. «Ауыл ішін жағымсыз иіс жайлап, адам өміріне қауіп төндіргендіктен қарап отыра алмадық» - дейді.

 Айнаш ИМАНҒАЛИЕВА, Н.ТІЛЕНДИЕВ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

 Біздер ауыл тұрғындары атынан депутатқа хат жолдағанбыз. Біздерде Д учетта тұрған адамдардың санын біліп беріңіз деп, себебі біздерде ауаның сараптамасын жүргізген кезде аммиак, сероводород допустимый мөлшерден жоғары. Біздерде ауылымызда қазіргі таңда аллергия, астма, бронхит деген аурып жатқан адамдар көп.

Түнгі сағат 9-дан таңғы 4-ке дейін кәріз қалдықтарының иісі мүңкіп, жұртты әбден әбігерге түсіреді. «Тіпті есік-терезені ашу мүмкін емес»-дейді тұрғындар.

Тағабай ЖҰМАБЕКОВ, Н.ТІЛЕНДИЕВ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Н.Тілендиев ауылына көшіп келгеніме 3,5 жыл болды. Мен өзім 3,5 жылдан бері, одан алды 15 жылдан бері зардап шегіп жатқандар да бар екен. Тоқтамай саси береді.

Айнаш ИМАНҒАЛИЕВА, Н.ТІЛЕНДИЕВ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Осының бәріне жауапты Алматы су мекемесіне біз барғанымызда, қандай іс-әрекет жасап жатсыздар, осы сасық иіс шығармайтын деген кезде. Олардың жауабы модернизацияға беріп біздер жаңа құрылғы қояйық десек, біздің проектіміз экспертизадан өтпей жатыр. Себебі, СЭС сараптамасының нәтижесінде дейді. Себебі, сол орналасқан станцияға үйлер жақын салынған, то есть санитарлық аймақ сақталмаған дейді.

Шешімі шықпаған мәселенің нүктесін қою үшін жауапты министрлік өкілдері, мәжіліс депутаттары мен жергілікті атқару органдары бас қосты. Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі жағымсыз иістен тыныс алу жолдарына зақым келетінін растады.

 Жасұлан ҚОЙШЫБАЕВ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНІҢ БАС САРАПШЫСЫ:

Бұл заттар адамның мынау тыныс алу жүйесіне қоздыратын әсері бар. Сондықтан бұлар біз білеміз қандай да бір гигиеналық нормативтен асқан болса оны сақтамау адамның денсаулығына зиян боп келуі мүмкін. Енді тұрғындардан осы аталып отырған мәселе бойынша 6 шағым келіп түскен болатын. Солардың негізінде тұрақты түрде санитарлық-эпидемиологиялық мониторинг жүргізілді.

Мәселенің енді қашан шешілері белгісіз. Ешкім нақты жауап берген жоқ. Ал тұрғындардың оны үмітпен күтуден басқа амалы болмай тұр.