Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, - деп жазды KAZINFORM
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,80 теңгеге қымбаттады.
Бір АҚШ долларының орташа бағамы — 475,03 теңге.
Ұлттық банктің 12 шілдедегі ресми бағамы — 1 долларға 474,26 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,43 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктерінде доллар 474,3 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 476,7 теңге.
Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы — 474 теңге, сатып алу құны — 478 теңге.
Ресей рублі 5,33 — 5,50 теңге аралығында саудаланып жатыр.