Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақмола облысында вейп сатқан кәсіпкер 15 тәулікке қамауға алынбақ

  • AstanaTV
  • 12 шілде 2024
  • 313

Ақмола облысында вейптерді сатуға қатысты алғашқы сотқа дейінгі тергеу басталды. Кәсіпкерді 200 АЕК (2024 жылы 738 400 теңгеге дейін) айыппұл, 200 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту немесе 15 тәулікке қамауға алу жазасы күтіп тұр. Бұл туралы Polisia.kz хабарлайды.

Ақмола облысының полиция департаменті бұрын мұндай тауарды сатумен айналысқан кәсіпкерлерді бизнесінің бағытын өзгертуге және заңды бұзбауға шақырады.

Айта кетейік, биыл 20 маусымнан бастап Қазақстанда темекі шекпейтін темекі өнімдері, электронды тұтыну жүйелері (вейптер), хош иістендіргіштер мен оларға арналған сұйықтықтардың айналымына тыйым салынып, қылмыстық жауапқа тартылған еді. Оларды өндіру, әкелу, өткізу және тарату енді қылмыстық жауапқа әкеп соғады.

Темекі шегуге болмайтын темекі өнімдерін, электронды тұтыну жүйелерін (вейптер), хош иістендіргіштер мен сұйықтықтарды сату және тарату 200 АЕК (738 400 теңге) мөлшерінде айыппұл салуға немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не сол мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға жазаланады. 200 сағатқа дейін немесе 50 тәулікке дейін қамауға алынады.