Әнші Роза Рымбаева Беларусь елінде өтіп жатқан «Славян базары» фестивалінің қазылар алқасының төрағасы болғанын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қадірлі жерлестер, біз Беларусь еліндеміз. Витебск қаласында өткелі отырған «Славян базары» атты ауқымды фестивальге кеп қалдық. Биыл мен қазылар алқасының төрағасы қызметіндемін. Бұл – өте маңызды әрі жауапкершілігі жоғары жұмыс», - деді Роза Рымбаева.
Айта кетейік, Роза Рымбаева қазылар алқасының тұрақты мүшелерінің бірі. «Славян базары» фестивлінде бірқатар қазақстандық жұлдыздың бағы жанған болатын.