Русский Сайттың толық нұсқасы

Елімізде жол бойындағы әжетханаларды тексеру жұмыстары аяқталды

  • AstanaTV
  • 13 шілде 2024
  • 217

Бас көлік прокуратурасының талабына байланысты санитарлық-эпидемиологиялық бақылау органдары халықаралық және республикалық маңызы бар жолдардың бойында орналасқан барлық қоғамдық дәретхананы тексеру жұмыстары аяқталды. 

Бүгінгі таңда жүргізілген тексеру жұмыстары барысында жол бойындағы 52 дәретханада санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды өрескел бұзу фактілері анықталды.

Осыған байланысты «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ және «КАЗжСервис» ЖШС-не қатысты әкімшілік іс қозғалып, анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым шығарылды,- деп хабарлайды Қазақпарат.