Русский Сайттың толық нұсқасы

"Жағаға орала алмаған": Алакөл көлінде үш ер адам құтқарылды

  • AstanaTV
  • 14 шілде 2024
  • 250

Құтқару операциясы Алакөл көлінің жағалауынан 12 шақырым жерде орналасқан Ақши ауылында жүргізілді, - деп хабарлайды ТЖМ.

"Бүгін Ақши ауылында Алакөл жағалауынан 12 шақырым жерде Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері кеме қозғалтқышының ақауы салдарынан қайтып орала алмаған 3 адамды құтқарып, жағаға шығарды", - деді Төтенше жағдайлар министрлігі өкілдері.

Құтқарушылар ер адамдардың медициналық көмекке мұқтаж болмағанын хабарлады.