Русский Сайттың толық нұсқасы

Шетелдік азаматтан пара талап еткен көші-қон полициясының қызметкері сотталды

  • AstanaTV
  • 14 шілде 2024
  • 432

Полиция қызметкері шетел азаматын заң бұзғаны үшін ұзақ уақыт жауапкершілікке тартпаған әрі одан 100 мың теңге пара алған. Сот кінәлі тұлғаны 3 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Павлодар қаласының №2 соты көші-қон полициясының қызметкері К.-ға қатысты заңсыз әрекеттер жасағаны үшін пара алу фактісі бойынша қылмыстық істі қарады.

Белгілі болғандай қызметкер К. 2022 жылдың 31 тамызы мен 2023 жылдың 23 сәуірі аралығында шетел азаматы Э.-ні көші-қон заңнамасына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартпағаны және Қазақстан Республикасында уақытша тұруға рұқсат бергені үшін жалпы сомасы 100 мың теңгені пара ретінде алған. Сотталушының кінәсі куәлардың айғақтарымен, құжаттық дәлелдемелермен және сараптамалық қорытындылармен дәлелденді.