Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанада ерекше қажеттіліктері бар балаларға арнап мереке ұйымдастырылды

  • AstanaTV
  • 14 шілде 2024
  • 307

Мерекелік іс-шара барысында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар өнер көрсетті

Астанада қала күніне арналған іс-шара аясында ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған мереке ұйымдастырылды. Бұл іс-шара ерекше балаларға қолдау көрсетуге және олардың оқшаулануын жеңуіне, әлеуметтік дағдыларды меңгеруіне, мүгедек балаларды дені сау құрдастарының ортасына әлеуметтік интеграциялауына әсер етеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Іс-шараның мақсаты – мүгедек балаларды және ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларда жаңа әлеуметтік байланыстарды дамытуға, өзара қолдау желісін құруға жәрдемдесу. Осы іс-шараны өткізу арқылы балаларды әлеуметтік-мәдени оңалту жүйесін дамытуға қолдау көрсетіледі.

Сондай-ақ, мүгедек балаларды, ерекше қажеттіліктері бар балаларды және олардың отбасыларын қолдауға бағытталған еріктілер бастамаларын қолдау.

Іс-шараға Парламент Мәжілісінің депутаттары, мүгедек балалары бар отбасыларға көмек көрсететін қоғамдық қорлар, М.Жұмабаев атындағы Халықаралық жоғары колледждің әлеуметтік серіктестері, блогерлер және медиа тұлғалар шақырылды.

Панельдік сессияға мынадай танымал спикерлер қатысып, пікір білдірді:

Севда Алиева, пара билер бойынша халықаралық жүлдегер, ату бойынша республикалық турнирдің алтын жүлдегері, пара каратэ-до бойынша республикалық турнирдің күміс жүлдегері.

Мария Әуезова – Эверест шыңын бағындырған әлемдегі аяғы жоқ алғашқы қыз.

Арнұр Ысқақов, «Қанаттылар» инклюзивті театрының жетекшісі.

Диана Мырзағалиева, Қазақстандағы Ұлттық еріктілер желісінің эковолонтері және ЮНИСЕФ (БҰҰ балалар қорының өкілдігі).

Валерия Хан, ДЦП-мен жас әнші.

Фестиваль бағдарламасы мынадай іс-шараларды қамтыды: панельдік сессия: «Кедергілерді жеңу: шектеусіз өмір», инклюзивті қойылым «Жасыл шаһардың сиқыршысы», бүкіл отбасы үшін ашық ауадағы белсенділіктер мен ойын-сауықтар.

Мерекелік іс-шара барысында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар өнер көрсетті.